ТМД елдерінің құтқарушылары төтенше жағдайлар кезіндегі бірлескен дағдыларды шыңдады

ТМД елдерінің құтқарушылары төтенше жағдайлар кезіндегі бірлескен дағдыларды шыңдады

2021 жылғы 12-16 мамыр аралығында Министр Ю.В. Ильин бастаған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Ресейдің Мәскеу облысына жұмыс сапарымен барды. Қазақстандық құтқарушылар «Патриот» көрме орталығында Ресейдің ТЖМ және ІІМ ұйымдастырған «Кешенді қауіпсіздік» қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарының XIII Халықаралық салонына қатысты. 

Іс-шара қатысушылары құтқару жабдықтарының, өрт қауіпсіздігі саласындағы техниканың, сондай-ақ апаттар медицинасы мен радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғаудың жаңа әзірлемелерімен танысты.

Қазақстандық делегация екі конференция жұмысына қатысып, дағдарыс жағдайындағы ұлттық басқару орталығы мен Ресей ТЖМ «Лидер» арнайы мақсаттағы құтқару жасағының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, іс-шаралар барысында Юрий Ильин Армения, Беларусь, Ресей және Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлерімен кездесу өтті. Басқосу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, кадрлар даярлау, төтенше жағдайларда зардап шеккен елдерге гуманитарлық көмек көрсету, тіршілік қауіпсіздігін насихаттау, балалар мен жастарды төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйрету мәселелері, сондай-ақ екіжақты және көпжақты келісімдерді іске асыру перспективалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі талқыланды.

Сонымен қатар Юрий Ильин Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Бас хатшысы Нжупуо Яп Мариатумен азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жұмыста Қазақстанның рөлін күшейту жолдары туралы әңгіме өрбітті.

Еске сала кетейік, 12-16 мамыр аралығында Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығы базасында жойқын жер сілкінісінің салдарын жою және ден қою тақырыбында ТМД Күштері корпусының оқу-жаттығулары өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстан төтенше ведомстволарының іздестіру-құтқару жасақтары қатысты. Қазақстан ТЖ министрлігінен оқу-жаттығуларға Республикалық жедел-құтқару жасағының  20 құтқарушысы, 5 бірлік техникасы мен  екі құтқаршы иті қатысты. ТМД күштер корпусы оқу-жаттығуларының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық құтқарушыларға сертификат берілді. Екі құтқарушы арнайы медальдармен марапатталды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі