Қазақстанның құтқарушылары Мәскеу маңындағы оқу-жаттығуларға қатысуда

Қазақстанның құтқарушылары Мәскеу маңындағы  оқу-жаттығуларға қатысуда

Қазақстанның құтқарушылары ТМД елдері Төтенше жағдайлар министрліктері күштерінің оқу-жаттығуларына қатысуда. Ресейдің Ногинск қаласына Қазақстаннан құрамында 22 құтқарушы мен 5 техника, кинологиялық есептер, іздеу құралдары мен авариялық-құтқару жабдықтары жұмылдырылды. Іс-шараға Беларусь, Ресей және Өзбекстан төтенше ведомстволарының іздестіру-құтқару жасақтары да қатысуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оқу-жаттығу «Кешенді қауіпсіздік 2021» бағдарламасы аясында өтуде. Жаттығудың негізгі кезеңі Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығының полигонында өтеді.

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар шынайылыққа барынша бейімделген жағдайда ТМД аумағында ірі төтенше оқиғалар туындаған кездегі практикалық іс-қимылдарды пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығының оқу-жаттығу кешенінің алаңдарында ықтимал төтенше жағдайлардың 9 эпизодын өткізу жоспарлануда.

Сценарий бойынша оқу-жаттығуды апатты су басқан аумақтарда, авиациялық, автомобиль көліктеріндегі аварияның салдарын жою, тау-кен химия комбинатындағы техногендік аварияны жою бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу, орман өрттерін сөндіру, төгілу жағдайында теміржол көлігіндегі авария, орман өрттерін сөндіру, covid 19 таралуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу, үйде шыққан өрттің елді мекенге дейін таралуы, төтенше жағдайдан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмекті жеткізу, аумақты жарылыс қаупі бар заттардан тазарту сияқты 9 кезеңде өткізу жоспарлануда.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі