Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Нұра ауданында жүргізілген ұзақ уақыттық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқару бөлімшелері Тассуат ауылының маңында 8 сәуірде жоғалып кеткен 1958 жылы туған Н.Х. Сүлейменовтың денесін тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзенінің арнасы бойында іздеу жұмыстары барлық тәсілдерді қолдана отырып жүргізілді. Талдау әдісімен 32 шақырым жерді жүріп өтті, эхолотпен 23 шақырым жер тексерілді, көзбен шолып 75 шақырым  тексерілді, квадрокоптермен 35 шақырым тексерілді.

Сондай-ақ жаяу тәртіпте Нұра өзенінің 45 шақырым арнасы зерттелді. ТЖД кинологиялық есеп топтарымен 18 шақырым  тексерілді, жүзу құралдарында ұзындығы 170 шақырымнан асатын өзен арнасының су кеңістігі тексерілді.

Іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылды. Бұдан басқа, аэровизуалды тексеру үшін мотопарапландар тартылды, олармен шамамен 30 шақырым тексерілді.

Өзен арнасы бойындағы  іздеу жұмыстары судың үлкен деңгейімен, түбінің күрделі рельефімен, шұңқырлармен, лайлы су астында көру мүмкіндігінің болмауымен, өсімдіктердің көптігімен қиындай түсті.

Дегенмен, құтқарушылар үміт үзбей, іздеу жұмыстарын жалғастырды.

Қаза болған адамның денесі көлік табылған жерден 4 шақырым қашықтықта жағадан судың ортасына қарай 50 м жерден табылды.

 

                                              ҚР ТЖМ баспасөз қызметі