Өңірлермен су тасқыны ахуалы туралы жұмыс кеңесі өтті

Өңірлермен су тасқыны ахуалы туралы жұмыс кеңесі өтті

2021 жылғы 10 сәуірде ТЖМ Төтенше жағдайларлы жою департаментнің бастығы Қ.Н. Оразалиннің төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс режимінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуі мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті. Оған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана  Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында өзендер бассейндеріндегі ағымдағы гидрологиялық ахуалы туралы «Қазгидромет» АҚ ақпараты жеткізілді, өңірлердегі су тасқыны ахуалы, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ бар проблемалық мәселелер туралы департамент басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Төтенше жағдайларлы жою департаментнің бастығы су тасқынына байланысты көктемгі төтенше жағдайларды болдырмауға және олардың қауіп-қатерлерін азайтуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

 

ҚР ТЖМ Жедел штабы