11.07.2019ж. сағат 16:01-де Арыс қаласы, Арыс станциясының аумағында жөндеу-пайдалану депосының 2 қабатты әкімшілік ғимараттың (жалпы көлемі 840 ш.м.) шатыры жанды. Өрт оқиғасы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жанында орналасқан (жалпы көлемі 1200 ш.м.) цехтың шатырына өткен. Өрттің жалпы көлемі 2040 ш.м. құраған. Өрт сағат 16:45 оқшауланып, сағат 20:04 толық сөндірілді. Өрттің шығу болжамы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД (41 қызметкер және 10 бірлік техника), Арыс стансасының өрт сөндіру поезы (8 қызметкер) жұмылдырылды.
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сырткы коммуникациялар тобы