Алматы қаласының ПД, Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері волонтерлармен бірлесіп, судағы (адамдардың суға батуы) оқыс оқиғаларды азайту, болдырмау және алдын алу мақсатында адамдар көп демалатын орындарға күнделікті рейдтік шаралар өткізеді.
Бүгінде 60–тан астам осындай рейдтер жүргізілді, 1800-ге жуық ескертпелер таратылып, 1800 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Жалпы суды пайдалану ережесін бұзу» бойынша 364 - бабы 1- бөліміне сәйкес, 4 әкімшілік хаттама (жеке тұлғаларға ескерту) толтырылды.
Демалыс орындарындағы бірлескен іс-шаралар барысында су объектілерінде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, жүргізілген рейд барысында демалыс аймақтарында ересектердің қадағалауынсыз жүрген кішкентай балалар анықталды.
Жергілікті атқару орындарымен Сайран көлінде суға шомылуға рұқсат етілген 2 орын анықталды, атап айтқанда:
-Төле би көшесінен көлдің шығыс бөлігінен 200 метр оңтүстікке қарай;
-Төле би көшесінен Пирсқа дейін көлдің батыс бөлігіндегі бағыттан оңтүстікке қарай 300 метр.
Айта кету керек, суға шомылу маусымының басталуымен Сайран көлінде құтқару Қызметінің бекеті белгіленді. Бұдан басқа, тұрақты негізде «Әуежай» көлінде (Алматы) ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ құтқарушыларының кезекшілігі ұйымдастырылды.
Жүзу маусымы басталғаннан бері Алматы қаласының құтқару Қызметінің құтқарушыларымен Сайран көлінде екі адам құтқарылды.
Сайран көліне тексеру жүргізу барысында құтқарушыларға демалушы келіп, көлдің Төле би көшесі жағындағы көпірден секірген адамды байқағанын айтты. Жедел арада оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Ұзақ іздестіруден кейін суға секірген адамның денесі көлдің батыс бөлігінен табылды. Орын алған оқиғаны түсіндіру уəкілетті органдар тарапынан жүргізіледі.
Суда демалу қайғылы оқиғалармен аяқталмау үшін, есте сақтаңыз:
- жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;
- жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;
- жағажайдан шұңқырлар мен белгілерден асып жүзуге болмайды;
- жүзу білмесеңіз, жүзу шарлары мен үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
- қайықтар мен кемелерге қарсы жүзбеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;
- суға тым ұзақ түспеңіз, суықтап қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі