Көкшетау техникалық институтына түлектерді жекелей бөлу комиссиясына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасы ТЖМ кадр саясаты департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Шахмардан Әзірбаев пен кәсіби және идеологиялық даму басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Айдос Сыздықов жұмыс сапарымен келді.
Комиссия 171 курсантты, оның ішінде институттың күндізгі оқу факультетінің 136 курсантын, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ТЖМ шетелдік бейіндік жоғары оқу орындарының 35 курсантын бөлді.
Жұмыс сапары барысында Ш.Әзірбаев пен А.Сыздықов Көкшетау қаласындағы Оқу орталығының қызметімен танысты. Мұнда орталық бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Құсайынов қонақтарды оқу сыныбымен, орталықтың материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
Сондай-ақ, Ш.Әзірбаев «өрт сөндірушілер» санаты бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша әңгімелесу барысына куә болды.
ҚР ТЖМ департаментінің бастығы аумақтық бөлімшелерде аталған кадрлардың айтарлықтай саны бар екенін ескере отырып, жүргізуші құрамды қайта даярлаудың қажет екендегін атап өтті. Айта кетейік, биыл оқу орталығы 5 маманды жүргізушілік қызметке қайта даярлады.
Әрі қарай Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы оларды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдықтарымен таныстырды.
Жұмыс сапары соңында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінде Ш.Әзірбаев қызметтік-әскери тәртіпке қатысты мәселелер бойынша жиын өткізді.
КТИ баспасөз қызметі