Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

2021 жылдың 13 наурызда сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, авариялық жағдайда Алматы әуежайына қонғаны туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына 11-өрт сөндіру бөлімінен(1, 2); Республикалық жедел-құтқару жасағынан 9 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп; Алматы қаласының Құтқару қызметінен 5 адам мен 1 бірлік техника барды.

Іздестіру және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінен 4 бірлік техника, Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2 бірлік техника оқиға орнында жұмыс жасауда. Ұшақта шыққан жану сөндірілді.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жедел жәрдем қызметінің 10 реанимациялық тобы да сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша 4 адам қайтыс болды, жарақат алған 2 адам Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді.

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі