Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбында баспасөз конфренциясы өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбында баспасөз конфренциясы өтті

2021 жылдың 2 наурызында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбында баспасөз конфренциясы өтті.

Спикер болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин сөз сөйледі.

Юрий Ильин 12 ақпанда республикалық деңгейде су тасқынына дайындық бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткендігін, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға  тиісті тапсырмалар берілгендігін атап өтті.

Наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. Оның барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексерілетін болады.

Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқұтқару» АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр.

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Халықты құлақтандыру мәселелері де пысықталды.

«Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде төрт жыл ішінде 315 елді мекенде су басу қаупін толығымен жоюға және 314 елді мекенда азайтуға мүмкіндік берді.

Биылғы жылы еліміз бойынша әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 38,1 млрд.теңге бөлді. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні әкімдіктер елді мекендерден 14,7 млн. текше метр қар шығарды.

«Қазгидромет» алдын ала берген болжам бойынша Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан 54%-ға, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде 50%-ға және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ға артық.

2020 жылы елімізде 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Өрт кезінде жарақат алғандардың саны 7%-ға азайды. 2020 жылы өрт сөндірушілер 8 419 адам құтқарды.

Бұл ретте өртте қайтыс болған адамдардың саны 326-дан 389-ға немесе 19%-ға артты.

2020 жылы өрт шықпай табиғи газбен улану салдарынан 22 адам, газ баллон қондырғыларының жарылысынан 11 адам қайтыс болды, газ баллон қондырғыларының 32 жарылысы тіркелді.

2021 жылдың 2 айында елімізде 1 931 өрт тіркелді. Бұл ретте 1 354 адам құтқарылды, 99 адам, оның 13 бала қайтыс болды. 104 адам, оның ішінде 12 бала жарақат алды.

Әлеуметтік осал отбасылар тұратын 118 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды, оларға 100% түсіндірме жұмыстары жүргізілді, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілген.

Бұдан басқа, автономды жылыту жүйелері бар 2 млн.жуық тұрғын үйлерге аралау жүргізілді, 4 млн. астам азаматқа нұсқау берілді, Халықпен 9,5 мың жиын ұйымдастырылды, 200 мыңнан астам азамат қамтылды.

Әкімдіктермен бірлесіп автономды жылыту жүйесі бар үйлерге датчиктер орнату практикасы жалғастырылды, барлығы 118 мыңнан астам датчик орнатылды..

Бұл ретте, 77,5 мың тұрғын үйге қызметкерлер кіре алмады, ал 63 мың үйде меншік иелері үйлерінде болған жоқ.

445 000 үйде 632 мың бұзушылық анықталды, 236 мыңнан астам бұзушылық орында жойылды.

Қыс кезеңінің басынан бері еліміз бойынша барлығы 1 063 дауылды ескерту жарияланды, тас жол учаскелері 682 рет жабылды, жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалысқа 233 рет шектеу енгізілді.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы 3 708 СМС-хабарлама жіберілді. «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тұрғындарға 1 057 хабарлама жіберілді. 

Құтқару бөлімшелері өзара іс-қимыл жасайтын қызметтермен бірлесіп 1242 адамды, оның ішінде 74 баланы құтқарды және эвакуациялады, 97 жылыту пункті іске қосылды, 439 бірлік техника шығарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтерінің   5 027 адамы мен 1 396 техникасы жұмылдырылды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі