Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 23 бірлік техника шығарылды, 132 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 23 бірлік техника шығарылды, 132 адам құтқарылды және эвакуацияланды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау,  СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды. 

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс ітейді, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесі және  9 өңірде 32 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары.

Бекеттерде Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында барлығы 678 бірлік автокөлік және 1083 адам тұр.

Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта Қостанай,  Павлодар, Қарағанды облыстарының жылыту пункттерінде 186 адам орналастырылды:.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында  ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен 23 бірлік техника шығарылып, 90 адам құтқарылды және 42 эвакуацияланды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері, ЖАО барлығы 892 адам және 534 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 38 СМС-хабарламаны тарату жүзеге асырылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 42 хабарлама жіберілді.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, БҚО, Қостанай және СҚО) «Жедел байланыс желісі» істейді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі