2020 жылы Алматы тауларында 80-нен астам адам құтқарылды

2020 жылы Алматы тауларында 80-нен астам адам құтқарылды

Алматы таулары өзінің әсемдігімен, қиын қиырларымен, байлығымен және құпиялылығымен адамдарды өзіне  баурайды.  Алайда, адамдар тауда әртүрлі төтенше жағдайларға ұшырап, жарақат алып, қайтыс болатын жағдайлар да кездесіп жатады.

Көбнесе, тауға шығуға дайындығы ұйымдастырылмаған және даярланбаған адамдар қиындыққа тап болады. Интернеттен көрген көздің жауын алатын кадрларға қарап, расында оларды тауда алда не күтіп тұрғанын  ойланбайды да. Интернеттегі ақпаратты көріп,  барғалы тұрған бағыты туралы қажетті ақпараттарды  білместен, арнайы жабдықтарсыз, қиын жолды таңдай отырып, түстен кейін тауға шығып, өміріне қауіп төндіреді. Түнгі уақытта тауда жолдан жаңылып қалуға болады.

2020 жылы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда 80-нен астам адамды, оның ішінде бес баланы құтқарды. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар іздестіру жұмыстары кезінде кинологиялық есептер үлкен көмек көрсетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары көбіне түнгі уақытта жүргізіледі, әртүрлі ауа-райы жағдайларымен (жаңбыр, қар, тұман), күрделі рельефті жер бедерімен, теңіз деңгейінен 4000 метрге дейінгі биіктікте жүргізілумен күрделене түседі.

Осындай оқиғалардың бірі жазда орын алды, Қарағанды облысының 4  азаматы  түстен кейін, ауа райының қолайсыздығына қарамастан Үлкен Алматы көліне серуендеуге шығады. Алайда, ымырт түсіп, жаңбыр жауып, көріну нашарлап, ауа температурасы күрт төмендеп,  туристер  көздеген мақсаттарына жете алмады.  Қыздардың бірі құлап, тізесін жарақаттап алды, ол өздігінен төмен қарай жүре алмады. Достары үрейге бойалдырды. Туристер  РЖҚЖ құтқарушыларынан көмек сұрады. Мұндай жағдайлар құтқарушылардың жұмысында жиі кездеседі.

Қыста  адамдар тау соқпақтарында сырғанап, өзі немесе өзге біреуді қағып кетіп, жарақат алып жатады. Тауда қажетті жабдықтарсыз, аяқ киімсіз адамдардың үсік алу қаупі бар.

Мысалдардың бірі тауда жоғалып кеткен Түркия азаматының екі аяғын II дәрежелі үсік шалып, сол жақ балтыры сынған жағдай болды. Сол кезде шетелдік азаматты Алматы қ. ІІД қызметкерлері іздестіріп жатқан болатын. Алайда, тау бедерінің ерекшеліктерін және арнайы дайындық қажеттілігін ескере отырып, таудағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге РЖҚЖ құтқарушыларының көмегіне жүгінді. Шетелдікті Үлкен Алматы шатқалының шығыс жағынан тапты, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, арнайы зембілмен жолға дейін жаяу жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне  тапсырды.

Тауға барған кезде  адамдар тау ауруына тап болуы мүмкін, ол жалпы әлсіздік, жүрек соғысы, бас айналу, естен тану және тыныс алудың қиындауынан байқалуы мүмкін. Мұндай оқиға 2020 жылы қыста орын алды, «Турист» шыңының баурайынан шаңғымен сырғанап жүріп, Нидерланд азаматының   хал-жағдайы нашарлай бастайды. Достары жүрек ауруы деп күдіктеніп, Республикалық жедел-құтқару жасағынан көмек сұрайды. Құтқарушылар  алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шетел азаматын төмен қарай тасымалдап, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Тауда созылмалы аурулар да өршуі мүмкін. Осыған ұқсас оқиға жазда Карлытау шыңының маңында  орын алды, тауға шыққан кезде ер адамда талма ауруы ұстамасы ұстап, РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

Құтқарушылардың таудағы  әрбір іздестіру-құтқару жұмыстары бір-біріне ұқсамайды, түрлі жағдайлар орын алып тұрады. РЖҚЖ құтқарушылары қала мен таулы аймақтардың ауа райы  тым өзгеше және күніне  бірнеше рет ауа температурасы өзгереді. Биіктеген сайын ауа температурасы төмендеп,  тұман мен жауын-шашынның ықтималдығы да артады. Тауға жалғыз шығуға болмайды, төтенше жағдай орын алған жағдайда, жаныңызда  көмек көрсететін немесе құтқарушыларды көмекке шақыратын ешкім болмай қалады, әсіресе  қыс мезгілінде көшкін қаупі де арта түседі. Егер сіз серуендеуге баратын болсаңыз, өзіңізбен бірге сіріңке, қосымша жылы киімдер, жаңбырдан қорғайтын жамылғы, арнайы маусымға сәйкес келетін аяқ киім  алу керек. Сондай-ақ, қосымша байланыс құралдарын, термос және тамақ қорын алуды ұмытпаңыз. Таңдаған бағытыңыз жайлы жақындарыңызды хабардар етіңіз, төтенше жағдай орнаған жағдайда, іздестіру – құтқару жұмыстарын тездетеді. Тауға шығар алдында жақындарыңызға өз бағыты туралы міндетті түрде ескертіңіз, бұл іздеу жұмыстарын жеделдетеді. Есіңізде болсын, басты мақсат-таудың басына шығу немесе асуды  бағындыру емес, үйге  аман –есен және сау оралу.

 «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ  баспа сөз қызметі