ТЖМ «Крещение Господне» кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады

ТЖМ «Крещение Господне» кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады

19 қаңтар күні елімізде «Крещение Господне» христиан мерекесінің атап өтілуіне байланысты ел азаматтары шомылу рәсіміне қатысады. 

«Алайда ағымдағы жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 8 өңірде суға тусу рәсімі өтпейтін болды. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында суға шомылу жүргізілмейді», - деп ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қалған өңірлерде су айдындарында суға шомылуға арналған арнайы орындар белгіленді. Шомылу орындарының саны - 106. Ойықтардың орналасқан жері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменттерінен алуға болады.

Белгіленген арнайы орындарда ТЖМ аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен және басқа қызметтермен бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету және карантиндік шараларды сақтау бойынша кезекшілік ұйымдастырылады.

Осыған орай ТЖМ тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.

Крещение кезінде суға шомылуды жоспарлап отырған адамдар үшін мына қағидаларды сақтауға шақырамыз:

- тек арнайы жабдықталған орындарда ғана суға түсу қажет;

- ойыққа кірер алдында денені жылытып, жаттығу жасап,  жүгіру керек;

- қауіпсіздік үшін ойыққа кірер алдында резеңке аяқ киім немесе шұлық кию керек;

- суға сүңгу алдында терең дем алып, деміңізді ұстап тұрып суға кіру;

- суға секіру және баспен суға кіруге болмайды, адам ағзасы суықтан шок алуы мүмкін;

- ағзаңыз тоңбау үшін мұз ойығында 1 минуттан артық болмаңыз.

- баламен келген жағдайда, бала шомылу кезінде оны қадағалау қажет.

- судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғаны дұрыс.

         - судан шыққан кезде өзіңіздің және баланың денесін орамалмен ысқылап сүрткен жөн, құрғақ киім кию қажет.

- суға түскеннен кейін профилактика үшін дәрілік шөптен, жидектен немесе жемістен жасалған ыстық шай ішу қажет.

Бұдан басқа, еліміздің азаматтарының назарын қыс кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келеді, бірінші кезекте:

- түнгі уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұз үстіне шығуға болмайды;

- мұздың жұқа және бекімеген учаскелеріне шығуға болмайды;

- мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

- мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайдыі.

Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі