Төтенше жағдайлар министрлігінде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер төтенше қызметтерінің өзара іс-қимылы бойынша семинар өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер төтенше қызметтерінің өзара іс-қимылы бойынша семинар өтті

2020 жылғы 3 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және құтқару жұмыстары департаментінің директоры Лю Вэйминянің төрағалығымен видеоконференция форматында Шанхай Ыантымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерімен айналысатын ведомстволар өкілдерінің қатысуымен төтенше қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау бойынша семинар өтті

Іс-шараға Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы төтенше ведомстволарының және ШЫҰ Хатшылығының өкілдері, сонымен қатар ШЫҰ жанындағы бақылаушы-мемлекеттер мен ШЫҰ диалог бойынша серіктестерінің өкілдері қатысты.

Қазақстандық тараптан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.С. Григорян, Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары А.Ж. Сейітбаева, Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы А.М. Майлыбаев, Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы Д.Ж. Алдабеков, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімшелер комитеті Тұрғындар мен аумақтарды қорғау басқармасының бастығы
Ж.Ұ. Жабаев, Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы А.А. Құдайбергенов өкілдік етті.

Семинар барысында Тараптар өкілдері COVID-19 таралуымен күрес саласындағы төтенше ведомстволардың қызметі мен тәжірибесі; авариялық-құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерді ауқымды орналастыруды қоса алғанда, табиғи сипаттағы кең ауқымды төтенше жағдайларды бақылау, алдын алу, үйлестіру және жою саласындағы тәжірибе; ШЫҰ шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзекті міндеттер мен өзара әрекеттестік болашағы туралы талқылап, баяндамалармен сөз сөйледі.

 

 

 ҚР ТЖМ Халықаралық қатынастар департаменті