
Біз ата-анамызға қоңырау шаламыз, барып тұрамыз, азық-түлік пен дәрі-дәрмек апарамыз. Ал олардың үйінің қауіпсіздігін соңғы рет қашан тексердік? Жылыту маусымы басталғанда бұл мәселеге ерекше назар аудару маңызды. Қарт адамдар мен жүріп-тұруы қиын жандар қауіп-қатерді өздігінен байқауға, ақауларды жоюға, әсіресе олар жалғыз тұратын болса, өрт орын алған жағдайда үйден тез шығуға қиналуы мүмкін.
ТЖМ азаматтарды ата-анасы мен жақындарының үйіне барып, қауіпсіздік жағдайын тексеруге шақырады:
сымдардың бүтіндігін, розеткалар мен электр құралдарының қызып кетпегенін;
пеш пен жылытқыштардың жарамдылығын, түтін мұржасының тазартылғанын;
пеш пен жылытқыштардың жанында тұтануы мүмкін заттардың жоқтығын;
өрт туралы хабарлағыштың бар-жоғын және оның жұмыс істеп тұрғанын;
үйден тез шығуға үшін есік алдында шығуға кедергі келтіретін заттардың жоқтығын тексеріңіз.
Ақаулар анықталған жағдайда мамандарды жұмылдыра отырып, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесіңіз. Жақындарыңызды қауіп-қатермен жалғыз қалдырмаңыз.
Акция аясында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға профилактикалық сапарлар жүргізеді. Қажет болған жағдайда тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және бар тәуекелдерді ескере отырып, өрт датчиктерін орнатуда практикалық көмек көрсетілетін болады.
Жалғыз тұратын қарт көршіңізге де көңіл бөліңіз. Мүмкін, оған көмектесетін басқа ешкімі жоқ шығар. Қамқорлық «Денсаулығыңыз қалай?» деп сұраумен ғана шектелмейді. Оның үйінде қауіпсіздік талаптарының сақталғанына көз жеткізу де маңызды.
Кейінге қалдырмаңыз. Қоңырау шалыңыз. Хабарласыңыз. Ата-анаңыздың үйін тексеріңіз! Ата-анаңыз сізді қорғап, қамқор болды. Енді сіз де оларды қорғаңыз!