
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ ауылында 288-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Талдыбұлақ, Бостан және Терісаққан елді мекендерінің тұрғындарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бекеттің жауапкершілік аймағында барлығы 1 856 адам тұрады.
Ашылу салтанатына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбеков, Кербұлақ ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Дәурен Жолжанов, сондай-ақ гарнизонның басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. ТЖМ тарапынан бекетке өрт сөндіру автоцистернасы берілді. Өрт сөндіру бекеті қажетті өрт-техникалық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз етіліп, арнайы даярлықтан өткен мамандармен жасақталды. Іс-шара барысында халықты қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі де өтті.
Жыл басынан бері облыста осы бағдарлама аясында 14 өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті күштер мен құралдардың оқиға орнына жету уақытын қысқартып, төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.