
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, ал 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Қызмет жылдары мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылғы шілде айынан 2026 жылғы қазан айына дейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.