
Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жаңа кешенін салу жоспарлануда. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов жаңа кешен салу үшін белгіленген алаңды қарап, жобаның негізгі параметрлерімен танысты. Жаңа кешен курсанттарды оқытуға және болашақ құтқарушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыруға заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Академияға бару барысында ТЖМ басшысы қолданыстағы оқу базасымен және бүгінгі таңда курсанттар білім алып жатқан жағдайлармен де танысты. Мұрат Мұханов оқу корпустарын, аудиторияларды және азаматтық қорғау саласы мамандарын даярлауға пайдаланылатын нысандарды аралап көрді.
Бүгінде Академияда 414 курсант білім алуда, профессор-оқытушылар құрамы 59 адамнан тұрады.
Академияны дамыту ТЖМ жүйесі үшін кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.