ТЖМ басшысы Жаңа Жамбыл фосфор зауытына барды

ТЖМ басшысы Жаңа Жамбыл фосфор зауытына барды

  Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Тараз қаласындағы «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС-нің Жамбыл филиалына, «Фосфор зауытына» барды. Қала құраушы кәсіпорын қауіптіліктің бірінші класына жатады. Мұнда 4 мыңға жуық адам еңбек етеді. Сапардың негізгі тақырыбы өнеркәсіптік қауіпсіздік және зауыттың ықтимал штаттан тыс жағдайларға дайындығы болды.

  Мұрат Мұханов өндірістік алаңдарды аралап, технологиялық процеспен танысты. ТЖМ басшысына өндірістің негізгі учаскелері, жабдықтар мен бақылау жүйелері көрсетілді. Кәсіпорында сары фосфор және құрамында фосфоры бар басқа да өнімдер өндіріледі. Аралау барысында жабдықтардың жай-күйіне, технологиялық режимдердің сақталуына және өндірістік тәуекелдерді уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін шараларға назар аударылды.

  Зауыттың ықтимал авариялық жағдайларға дайындығына да жеке назар аударылды. Министрге қауіпсіздік жүйелерінің жұмысы, персоналдың дайындығы және құтқару қызметтерімен өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуы көрсетілді. Қауіптіліктің бірінші класына жататын кәсіпорын үшін жабдықтардың жарамдылығы, өндірістік процестерді бақылау және штаттан тыс жағдай туындаған кезде қызметкерлердің нақты әрекеті маңызды.

  Сапар қорытындысы бойынша өндірістегі авариялардың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар талқыланды. Негізгі назар жабдықтардың техникалық жай-күйіне, персоналды даярлауға және қызметтердің жедел ден қоюға дайындығына аударылатын болады.