Қазақстанда 280-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 280-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Абай облысы Бородулиха ауданының Песчанка ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 280-ші ерікті өртке қарсы бекет пайдалануға берілді.

  Бекет Песчанка, Жарқұлақ, Бүркотово және Сахновка елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның жауапкершілік аймағында 1 024 адам тұрады.

  Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бекет қызмет атқаруға толық жасақталған. Мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар мен жауынгерлік киім-кешек бар. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына және өрттерге жедел ден қоюына қажетті жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД базасында арнайы даярлықтан өтті.

  «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы бекетінің ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.