Қазақстанда 278-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

Қазақстанда 278-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылында жаңғыртылған «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – Қазақстандағы 278-ші ерікті өртке қарсы құрылым.

  Бекеті жаңғырту және іске қосу жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қолдауының арқасында жүзеге асты. Жобаны іске асыру өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, өрт сөндіру бөлімшелерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру бекеті жалпы саны 3500-ге жуық тұрғыны бар сегіз елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Жаңа нысан заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда қызмет атқару үшін ТЖМ тарапынан берілген өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық қару-жарақ және жауынгерлік киім-кешек бар. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына және өрт оқиғаларына жедел ден қоюына барлық жағдай жасалған. Еріктілер арнайы дайындықтан өтті.