
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау кіші сержанты Санжар Әділов Жапонияның Айти - Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Санжар Әділов ММА-дан дәстүрлі стильдегі жарыста 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, құрлықтық дода жүлдегерлерінің қатарына енді.
Бұл жүлденің маңызы ерекше. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша Санжар Әділов Қазақстан құрамасының осы спорт түрінен Азия ойындарында медаль жеңіп алған алғашқы спортшыларының бірі атанды.