Қазақстанда 270-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 270-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Талдықұдық ауылында 270-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы жұмысын бастады. Бұл өртке қарсы құралым Талдықұдық ауылы мен Кішіталдықұдық ауылын қамтып, жалпы саны 690-нан астам тұрғыны бар екі елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұралы Мусиев, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, жеке құрам, ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

  Талдықұдық ауылындағы бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруға дайындалды. Еріктілер үшін қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда демалыс бөлмелері, ас үй, қызметтік үй-жайлар және өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гараж бар. Бекеттің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінен өрт сөндіру автоцистернасын, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін және радиостанция берілді. Бекетте кезекшілік атқаратын еріктілер Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен тиісті даярлықтан өтті.

  Талдықұдық ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы оқиға орнына бөлімшелердің жету уақытын қысқартуға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды арттыруға және ауылдық аумақтың өрт қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.