ТЖМ басшысы Костенко атындағы шахтаның 700 метр тереңдігіне түсті

ТЖМ басшысы Костенко атындағы шахтаның 700 метр тереңдігіне түсті

  Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Костенко атындағы көмір шахтасына барды. ТЖМ басшысы шамамен 700 метр тереңдікте орналасқан минус 100 горизонтына түсті.

  Негізгі назар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне аударылды. Мұрат Мұханов тау-кен қазбалары мен жабдықтарды, желдету, байланыс және хабарлау жүйелерінің жұмысын қарап шықты. Жер астына түсер алдында министрге қолданыстағы аварияларды жою жоспары және штаттан тыс жағдайлар кезінде персоналдың іс-қимыл тәртібі таныстырылды.

  Костенко атындағы шахта 1942 жылдан бері пайдаланылып келеді. Мұнда 1 100 адам жұмыс істейді, тау-кен қазбаларының жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асады. Қазіргі уақытта 47 К2-Батыс лавасы игерілуде. Ал 44 К2-Шығыс лавасын дайындау үшін тау-кен қазу жұмыстары жүргізілуде.
  
  Сапар соңында өндірістік бақылау, персоналдың дайындығы және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.