Жетісу облысында биік таулы мореналық көлдерге мониторинг жүргізілді

Жетісу облысында биік таулы мореналық көлдерге мониторинг жүргізілді

  ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары Қора өзені бассейнінде авиациялық зерттеу жүргізді. Бұл аумақта 30-дан астам биік таулы мореналық көл орналасқан.

  Көлдердің жағдайы ықтимал өзгерістерді дер кезінде анықтау және сел қаупін бағалау мақсатында мамандардың тұрақты бақылауында.

  Зерттеу барысында биік таулы су айдындарының жағдайы мен олардың ықтимал жарылу қаупі бағаланды. Мореналық көлдердің бірінде батиметриялық жұмыстар жүргізіліп, су айдынының негізгі морфометриялық сипаттамалары, оның ішінде тереңдігі мен акваториясының параметрлері анықталды.

  Зерттеу нәтижесінде көлдің жарылу қаупі және төтенше жағдайдың туындау қаупі анықталған жоқ.

  Биік таулы мореналық көлдерге мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл ықтимал қауіпті өзгерістерді уақытылы анықтап, тәуекелдерді бағалауға және қажет болған жағдайда сел үдерістерінің ықтимал әсер ету аймағында орналасқан халық пен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

  «Қазселденқорғау» мамандары Қора өзені бассейніндегі мореналық көлдердің жағдайын бақылауды жалғастыруда.