
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті.
Кездесу барысында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдарын дамыту және ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
2026 жылы облыста жергілікті атқарушы органдардың 18 жаңа өрт сөндіру бекетін құру және қолданыстағы 14 бекетті жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 4 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа бекеттердің іске қосылуы тағы 32 елді мекенді қосымша өрт қауіпсіздігімен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл елді мекендерде 14 мыңнан астам адам тұрады.