
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК филиалына барды.
Төтенше жағдайлар ведомствосының басшысы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жағдайларымен танысты. Олардың сақталуына және нысанның жүктелген міндеттерді орындауға дайындығына ерекше назар аударылды.
Мұрат Мұханов филиал ұжымымен кездесіп, қызметкерлермен әңгімелесті және кәсіби еңбектері үшін алғыс білдірді.
Сөз соңында министр ұжымды мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің 95 жылдығымен құттықтады.