«Каспий-2026» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы жалғасуда

«Каспий-2026» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы жалғасуда

  Бүгін - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының оқу-жаттығуға қатысып жатқан екінші күні. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей және Әзербайжан елдерінің авариялық-құтқару қызметтері арасында бірлескен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.

  Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, күштер мен құралдарды бірлесіп қолдану тәжірибесін арттыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жедел әрі тиімді жүргізу дағдыларын пысықтау.

  Жол-көлік оқиғасы бойынша оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар көлік құралын тұрақтандыру, арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зақымдалған көліктің құрылымдарын ашу және қысылып қалған зардап шегушіні қауіпсіз шығару жұмыстарын орындауда.