
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Байқадам ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол Байқадам ауылының 809 тұрғынын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
ТЖМ өрт сөндіру бекетіне өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін арнайы техника, қажетті құрал-жабдықтар мен байланыс құралдарын берді.
Бекет қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінде тиісті даярлықтан өтті. Олар тәулік бойы кезекшілік атқарады және өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде оқиға орнына жедел шығады.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Байқадам ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, өрттен қорғау қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.