
Астрахань қаласында Каспий өңірі елдерінің құтқару қызметтерінің қатысуымен «Каспий-2026» халықаралық оқу-жаттығуы өтуде. Төрт күн бойы қатысушылар түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды.
Практикалық кезең аясында өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, адамдарды іздеу және эвакуациялау, су және әуе көліктеріндегі оқиғаларға ден қою, сондай-ақ химиялық қауіптердің салдарын жою бойынша жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты - тәжірибе алмасу, құтқару қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және мамандардың төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын арттыру.