«Ясный» және «Сазды» шағын аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылады

«Ясный» және «Сазды» шағын аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылады

  Ақтөбе облысында «Ясный» және «Сазды» тұрғын алаптарында жаңа өрт сөндіру бөлімдерін салу жоспарлануда. Болашақ нысандардың орналасатын жерлерін жұмыс сапары барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен облыс әкімі Асхат Шахаров қарап шықты.

  Бүгінде «Ясный» тұрғын алабында 30 мыңнан астам адам тұрады. Мұнда қоймалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар орналасқан. Бұл ретте ең жақын өрт сөндіру бөлімдері 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа бөлім құтқарушылардың шақыртуларға жедел жетуіне мүмкіндік береді.

  «Сазды» тұрғын алабында да жаңа өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Аумақта мектептер, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар орналасқан. Бөлім тұрғын алабына ғана емес, іргелес аумақтарға, соның ішінде Алға ауданына да қызмет көрсететін болады.

  Екі нысан да өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жаңа жобалар. Қазіргі уақытта жер учаскелері анықталып, қажетті құжаттар әзірленуде. Құрылыс инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады деп жоспарлануда.