Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының 264-ші өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет жалпы саны 1 011 адамды құрайтын екі елді мекеннің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды және жабдықталды. Нысанды ашуға дайындау барысында ғимарат пен қызметтік үй-жайларға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ерікті өртке қарсы құрылымның жұмысына қажетті жағдайлар жасалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық қару-жарақ пен құрал-жабдықтар, сондай-ақ байланыс құралдары берілді. Нысан тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға толық дайын.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық елді мекендердің өртке қарсы қорғанысын күшейтудегі маңызды қадам болды. Айта кетерлігі, ерікті өртке қарсы құрылым ашылғаннан кейін бірден шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, дала алқабындағы өртті жедел түрде сөндірді.