Қазақстанда 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылында 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Ақтөбе, III Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарындағы 6 446 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Өрт сөндіру бекеті Ақтөбе ауылының жергілікті кәсіпкерінің демеушілік қолдауымен салынды. Мұнда қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Ғимаратта «жылы еден» жылыту жүйесі қарастырылып, қасбеті сұйық травертинмен қапталған. Арнайы техниканың жедел шығуы үшін гараж автоматты қақпалармен жабдықталған. Жаңа құрылымның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ТЖМ тарапынан қажетті өрт-техникалық құрал-жабдықтары мен жауынгерлік киім жиынтықтары бар өрт сөндіру автоцистернасы берілді. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесімен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлық байланыс құралдары орнатылды.

  Жаңа бекеттің ашылуы елді мекендердің қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.