
Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Қопа ауылында 259-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Кеңесту ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенге қызмет көрсетіп, жалпы саны 2 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жедел ден қою үшін өрт сөндіру бекеті ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызмет атқару үшін бекет ТЖД-де тиісті даярлықтан өткен қызметкерлермен жасақталған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Кенесту ауылдық округіндегі елді мекендердің өрт қауіпсіздігін арттырып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.