Қазақстанда 255-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 255-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Қатаркөл ауылында 255-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу салтанаты өтті. Өрт сөндіру бекеті жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жалпы саны 2 876 адамды құрайтын үш елді мекеннің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Жобаны іске асыру аясында нысан реновациядан өтті. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған бокс салынды және құрылым қызметіне қажетті жағдайлар жасалды. Жедел ден қою үшін өрт сөндіру бекеті ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. Нысан тиісті даярлықтан өткен жеке құраммен толық жасақталған.

  Жаңа нысан халықтың өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.