Қазақстанда 250-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 250-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Заградовка ауылында жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін 250-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Өрт сөндіру бекеті бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жауапкершілік аймағында 1 006 адам, 367 аула бар.

 Өрт сөндіру бекеті ЖШС-тердің бірінің аумағында орналасқан. Бөлімшенің штат саны 7 адамды құрайды. Жедел әрекет ету және өртті сөндіру бойынша алғашқы шараларды жүргізу үшін жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдай жасалған. Бөлімше өрт сөндіру техникасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған.

  Бекеттің жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылуы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін күшейтіп, ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.