Жуковскийде өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттары аяқталды

Жуковскийде өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттары аяқталды

  Мәскеу облысының Жуковский қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша XV әлем чемпионаты және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы XI әлем чемпионаты аяқталды.

  Жарыстың жабылу салтанатында чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар мен командалардың жаттықтырушылары жекелеген сайыстардағы және жалпыкомандалық есептегі нәтижелері бойынша лайықты марапаттарға ие болды.

  Жасөспірімдер мен жастар арасындағы жалпыкомандалық есептің қорытындысы:

  1-орын - Беларусь Республикасы
  2-орын - Ресей Федерациясы
  3-орын - Қазақстан Республикасы.

  Қыздар мен жасөспірімдер арасындағы жалпыкомандалық есептің қорытындысы:

  1-орын - Ресей Федерациясы
  2-орын - Беларусь Республикасы
  3-орын - Қазақстан Республикасы.

  Қазақстан Республикасы ТЖМ құрама командалары әлемдік аренада ел намысын лайықты қорғап, бағдарламадағы барлық сайыс түрінен медаль жеңіп алды.

  ҚР ТЖМ жасөспірімдер мен жастар құрама командасы:

  шабуыл сатысымен көтерілу - қола медаль;
  100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру - қола медаль;
  4×100 метрлік өрт эстафетасы - қола медаль;
  жауынгерлік қанат жаю - қола медаль;
  жалпыкомандалық есеп - қола медаль.

  ҚР ТЖМ қыздар мен жасөспірімдер құрама командасы:

  шабуыл сатысымен көтерілу - қола медаль;
  100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру - қола медаль;
  4×100 метрлік өрт эстафетасы - қола медаль;
  жауынгерлік қанат жаю - қола медаль;
  жалпыкомандалық есеп - қола медаль.

  Сонымен қатар, Қазақстанның қыздар мен жасөспірімдер құрама командасының өкілдері чемпионат барысында Қазақстан Республикасының 5 ұлттық рекордын жаңартып, жоғары деңгейдегі дайындығы мен спорттық шеберлігін көрсетті.

  Жабылу салтанатындағы ерекше сәттердің бірі – Халықаралық спорт федерациясының туын табыстау рәсімі болды. Чемпионаттың символы келесі жарыстарды қабылдайтын ел ретінде Қазақстан Республикасының өкілдеріне берілді.

  2027 жылы Алматы қаласында өрт-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен жастар арасындағы XVI әлем чемпионаты және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы XII әлем чемпионаты өтеді.

  Осылайша, әлем чемпионатын өткізу эстафетасы Қазақстанға берілді. Алда ауқымды халықаралық спорттық шараға дайындық және әлемнің үздік жас спортшыларын Қазақстан жерінде қарсы алу міндеті тұр.