
Жуковский қаласындағы «Метеор» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жасөспірім ұлдар арасындағы және XI жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионаттарының төртінші күнінің қорытындысы шығарылды. Қазақстан спортшылары жарыстың кезекті күнінде де жоғары нәтижелер көрсетті.
Жарыстың төртінші күні «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасы бойынша өтті.
Жасөспірім қыздар арасындағы жарыста Қазақстан Республикасының құрама командасы 21,46 секунд нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар спортшылар Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекордтық нәтиже 22,38 секунд болатын.
Қорытынды нәтижелер: 1-орын - Словакия Республикасы - 19,52 сек. (жаңа әлемдік рекорд), 2-орын - Беларусь Республикасы - 21,20 сек., 3-орын - Қазақстан Республикасы - 21,46 сек. (Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорды).
Құрама сапында: Тұрсынбай Айша, Шевцова Лианна, Джуман Ариана, Бунякина Анастасия, Миллер Анастасия, Чупракова Анна
Жасөспірім ұлдар арасындағы жарыста Қазақстан Республикасының құрама командасы 20,51 секунд нәтиже көрсетіп, төртінші орын иеленді.
Қорытынды нәтижелер: 1-орын - Беларусь Республикасы - 17,88 сек. (жаңа әлемдік рекорд), 2-орын - Словакия Республикасы - 18,78 сек., 3-орын - Ресей Федерациясы - 19,49 сек., 4-орын - Қазақстан Республикасы - 20,51 сек.
Құрама сапында: Калиоллаев Ислам, Насибуллин Ернур, Боков Никита, Шевцов Кирилл, Рыбалкин Дмитрий, Редькин Игнат.
Төртінші күннің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алып, «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасында Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекордын орнатты.
Құрама командалар әлем чемпионаттарына «Қазақстан құтқарушылары қоры» жеке қорының қолдауымен қатысуда.
Алда әлем чемпионаттарының салтанатты жабылу рәсімі. Оның барысында әлемдік біріншіліктің қорытынды нәтижелері шығарылып, чемпионаттың үздік спортшылары мен командалары марапатталады.