Қазақстанда 243-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 243-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Нүркен ауылында 243-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті. Ол Нүркен, Жидебай, Ақсеңгір, Жалантөс және Қаратал ауылдарына қызмет көрсетіп, 513 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Жаңа бекетте жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті барлық жағдай жасалған. Нысан ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киіммен толық жабдықталған. Бұл оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру бекетінің ашылуы өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға және жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге маңызды қадам болды.