Қазақстан спортшылары – әлем чемпионатының үздіктері қатарында

Қазақстан спортшылары – әлем чемпионатының үздіктері қатарында

  Өрт сөндіру-құтқару спорты боцынша XV жасөспірім ұлдар арасындағы және XI жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионаттарының екінші және үшінші күндері Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін жаңа медальдар мен ұлттық рекордтарға толы болды.

  «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» дисциплинасында Қазақстан Республикасының  жасөспірім ұлдар құрамасы үшінші орын алып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жасөспірім қыздар құрамасы да қола жүлдеге ие болды.

  17–18 жас аралығындағы аға топ жасөспірім қыздар спортшысы Шевцова Лианнаның нәтижесі ерекше атап өтуге лайық. Ол 17,05 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд – 18,27 секунд. Алдын ала жарыс нәтижесі бойынша Лианна әлемнің ең мықты төрт спортшысының қатарына еніп, финалдық жүгіруге жолдама алды. Финалда ол төртінші орын иеленді.

  «4×100 метр өрт эстафетасы» дисциплинасында Қазақстан Республикасының жасөспірім ұлдар құрамасы үшінші орын алып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

  Құрама сапында Редькин Игнат, Шевцов Кирилл, Қалиоллаев Ислам, Боков Никита.

  Қазақстан Республикасының жасөспірім қыздар құрамасы да 63,72 секунд нәтижесімен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд 67,29 секунд болатын.

  Құрама сапында Бунякина Анастасия, Чупракова Анна, Тұрсынбай Айша,
Шевцова Лианна.

  Осылайша, жарыстың екінші және үшінші күндерінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, төрт қола жүлде жеңіп алды және екі ұлттық рекордты жаңартты.

  Ертең әлем чемпионаттарының қорытынды күні өтеді. Спортшылар «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасында жүлделер үшін бақ сынайды.