Қазақстанда 240-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 240-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке  қарсы құралымы ашылды

  Ақмола облысы Есіл ауданының Знаменка ауылында 240-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1235 адамды құрайтын екі елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Өрт сөндіру бекеті жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынды. Нысанда еріктілердің қызмет атқаруына, өрт сөндіру техникасын орналастыруға және өрт-техникалық құралдарды сақтауға қажетті жағдай жасалған.

  Жедел әрекет ету үшін бекет ТЖМ ұсынған өрт сөндіру автоцистернасымен, өрт-техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен және қажетті арнайы киіммен жабдықталған. Өрт сөндіру бекеті тиісті даярлықтан өткен қызметкерлермен жасақталған.

  Жаңа бекеттің ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, тұрғындарды өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан сенімді қорғауға мүмкіндік береді.