Қазақстанда 235-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 235-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қызылорда облысы Сырдария ауданының Бесарық ауылында 235-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Аталған бекет Бесарық және Қоғалыкөл ауылдарының 7 022 тұрғынына қызмет көрсетіп, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады.

  Бекет жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынды. Ғимарат тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруға толық жабдықталған. Мұнда өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік кабинеттер, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмесі және ас үй қарастырылған.

  Нысан ТЖМ ұсынған қажетті өрт сөндіру техникасымен, жабдықтармен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді. Еріктілер ТЖД мамандарының қатысуымен арнайы дайындықтан өтеді. Бұл оларға төтенше жағдайлар туындаған кезде кәсіби әрі жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.