
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Ұзынжар ауылында «Ауыл құтқарушылары» 231-ші ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті Крещенка, Ұзынжар, Куприяновка және Белоградовка ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Нысанның ашылуы аталған елді мекендердегі 1213 тұрғынның өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен тиімді қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген өрт сөндіру бекеті құрылды. Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, сондай-ақ кезекшілік атқаруға, демалуға және жеке құрамның тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған бөлмелер жабдықталған. Жаңа бекеттің жұмысы үшін ТЖМ өрт сөндіру автокөлігін, байланыс құралдарын және қажетті жабдықтарды берді.
Ерікті өрт сөндірушілер ТЖД қызметкерлерінің жетекшілігімен арнайы дайындықтан өтіп, қойылған міндеттерді орындауға дайын. Алдағы уақытта ТЖД мамандары еріктілердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталған оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтарды тұрақты түрде өткізетін болады.