
Орал қаласында ҚР ТЖМ жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының үшінші жарыс күні аяқталды. Жарыстың үшінші күнінде спортшылар командалық үйлесімділік, жылдамдық пен шеберлікті талап ететін ең тартысты кезеңдердің бірі «4×100 метрлік өрт эстафетасы» тәртібі бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Астана қаласының құрамасы (64,28 сек). Құрамы: Ефремов Назар, Хамза Асет, Алдаберген Абылайхан, Қалижан Жақсылық.
2 орын – Батыс Қазақстан облысының құрамасы (64,98 сек). Құрамы: Махсұт Ернұр, Фадеев Виктор, Агафонов Арсений, Сериков Абылай.
3 орын – Шығыс Қазақстан облысының құрамасы (65,72 сек). Құрамы: Редькин Игнат, Савченко Степан, Виноградов Артем, Боков Никита.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Әрбір секунд үшін тартыс өрбіп, көрермендер әсерлі де қызу бәсекенің куәсі болды.
Ертең ҚР ТЖМ жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының қорытынды жарыс күні өтеді. Спортшылар «Жауынгерлік қанат жаю» тәртібінде өзара мықтыны анықтайды. Көрермендерді күш, қуат, жылдамдық пен ұйымшылдық сынға түсетін тартысты бәсеке күтіп тұр.