Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының екінші жарыс күні

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының екінші жарыс күні

  Орал қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жасөспірім ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде спортшылар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру дисциплинасы бойынша үш жас санатында үздіктерді анықтады.

  Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

  Кіші жас тобы (14 жас және одан кіші):

  1 орын – Владислав Ребенок (Батыс Қазақстан облысы) – 18,59 сек.

  2 орын – Руслан Уразбаев (Қызылорда облысы) – 19,33 сек.

  3 орын – Нұрасыл Оразәлі (Қызылорда облысы) – 19,80 сек.

  Орта жас тобы (15–16 жас):

  1 орын – Дмитрий Рыбалкин (Ақмола облысы) – 18,27 сек.

  2 орын – Әсет Хамзе (Астана қаласы) – 19,87 сек.

  3 орын – Алишер Амангелды (Астана қаласы) – 20,44 сек.

  Аға жас тобы (17–18 жас):

 1 орын – Берекет Жақсылық (Ақтөбе облысы) – 18,02 сек.

  2 орын – Артем Виноградов (Шығыс Қазақстан облысы) – 18,08 сек.

  3 орын – Ислам Калиоллаев (Ақмола облысы) – 21,31 сек.

  100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру дисциплинасы бойынша командалық есептің қорытындысы: 1 орын – Шығыс Қазақстан облысы, 2 орын – Ақмола облысы,
3 орын – Батыс Қазақстан облысы.

  31 шілде күні чемпионат өрт сөндіру-құтқару спортының ең тартысты әрі көрермен қызығушылығын тудыратын дисциплиналарының бірі – 4×100 метрлік өрт эстафетасы бойынша жалғасады. Командалар кезекті жүлделер мен жалпыкомандалық есептегі маңызды ұпайлар үшін бақ сынайды.