
2026 жылғы 29 шілде мен 1 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XV чемпионаты өтеді.
Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген 14 команда қатысып, өрт сөндіру-құтқару спортының ең тартымды әрі техникалық жағынан күрделі түрлерінің бірінде үздіктерді анықтайды.
Төрт күн бойы спортшылар өрт сөндіру-құтқару спортының төрт дисциплинасы бойынша бақ сынайды: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, 4×100 метрлік өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю.
Чемпионат қорытындысы бойынша алдағы әлем чемпионаттарына дайындалу және қатысу үшін Қазақстан ТЖМ ұлттық құрама командасының құрамына енгізілетін үздік спортшылар анықталады.
Чемпионаттың мақсаты – жастар арасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, спорттық шеберлік деңгейін арттыру және ұлттық құрама командасы үшін лайықты спорт резервін қалыптастыру.