
Жазғы демалыс - балалар үшін қуанышты кезең. Алайда дәл осы уақытта жазатайым оқиғалар қаупі артады.
ТЖМ ескертеді: балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
Балалардың сіріңке мен оттықпен ойнауына жол бермеңіз. Отпен ойнау өртке әкелуі мүмкін.
Терезелерді жабық ұстаңыз немесе арнайы терезе бекіткіштерін орнатыңыз. Масаға қарсы тор баланы құлаудан қорғамайды және жалған қауіпсіздік сезімін тудырады.
Су айдындарында демалған кезде балаларды үнемі бақылауда ұстаңыз. Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз және баланы су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
Балаларыңызды қорғаңыз - олардың қауіпсіздігі ересектердің жауапкершілігіне байланысты.