Қазақстанда 219-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 219-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қостанай облысы Қарасу ауданының Жамбыл ауылында 219-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жамбыл ауылы аудан орталығы – Қарасу ауылынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 800 тұрғыны бар Жамбыл және Павловское елді мекендерін өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

  Жобаны іске асыру және өрт сөндіру бекетін салу жергілікті серіктестік пен шаруа қожалықтарының қолдауының арқасында мүмкін болды. Мұнда еріктілердің қызмет атқаруы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өрт сөндіру бекетіне Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жарақтар, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киім жиынтықтары және байланыс құралдары берілді.

  Бүгінде «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттері ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға ықпал етіп, Қостанай облысы тұрғындарын қорғауға елеулі үлес қосып келеді.