
Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған өрт-құтқару спортынан IX турнирдің алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша мықтылар анықталды.
Әйелдер арасындағы жеке біріншілік:
1 орын – Байтыкова Айдана, Қостанай облысы (7,23 сек.)
1 орын – Подгородецкая Кристина, Астана қаласы (7,23 сек.)
3 орын – Жидонис Анастасия (7,30 сек.)
Әйелдер арасындағы командалық есеп:
1 орын – Қостанай облысы (45,39 сек.)
2 орын – Астана қаласы (47,05 сек.)
3 орын – Шығыс Қазақстан облысы (48,39 сек.)
Ерлер арасындағы жеке біріншілік:
1 орын – Қонысбаев Абай, Маңғыстау облысы (13,80 сек.)
2 орын – Мағау Нұралы, Қостанай облысы (13,92 сек.)
3 орын – Подгородецкий Петр, Астана қаласы (15,65 сек.)
Ерлер арасындағы командалық есеп:
1 орын – Шығыс Қазақстан облысы (88,67 сек.)
2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы (89,22 сек.)
3 орын – Маңғыстау облысы (89,23 сек.)
Ертең жарыс «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» дисциплинасы бойынша жалғасады. Бұл сайыста спортшылар IX турнирдің жүлделері үшін тартысты бәсекені жалғастырады.