
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағына заманауи жаңа техниканы табыстады. Материалдық-техникалық базаның кезекті толықтырылуы бөлімшенің судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін одан әрі арттырады.
Ведомство басшысы бөлімшеге бару барысында құтқарушылардың қызмет өткеру жағдайымен, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуымен және Қапшағай су қоймасындағы тәулік бойы ұйымдастырылған кезекшіліктің жұмысымен танысты.
Қазақстан ТЖМ үшін техникалық жарақтандыруды жүйелі түрде жаңғырту басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жаңа техника су-құтқару қызметінің әлеуетін күшейтіп, шомылу маусымында Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.