ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков   жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Жамбыл облысына барған іссапары кезінде өрт сөндіру бөлімдерін аралап, жеке құрамның жұмысымен танысты.

ТЖД және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелеріндегі техникалардың қысқы мерзімге әзірлігі және жалпы жай-күйі тексерілді. Марат Күлдіков биылғы жылы оңтүстік өңірде қыстың жылдағыдан ерте түскенін атап өтті. Осыған байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаевқа жеке құрам мен техниканың қысқы кезеңде, әсіресе Күйік, Шақпақ асуларында орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Еске сала кетейік, ҚР ТЖ вице министрі Жамбыл облысына облыстық ТЖ департаментінің бастығын тағайындау мақсатында іссапармен барған болатын.

 

Жамбыл облысы ТЖ департаменті